Өткен жыл көрсетіп өткендей, көшбасшылар өздеріне сенім артқан адамдардың талаптарына жауап бере отырып, оларды жарқын болашаққа апарар жолды да көрсете білулері керек.

Күрделі, белгісіздікке толы және мазасыз заманда шынайы көшбасшылар радиолокациялық жүйе мен компас екеуін де жол табу үшін қолдануы қажет. Олар үнемі құбылмалы ландшафттан түсетін сигналдарды қабылдай алып, қажетті түзетулерді жасауға дайын болуы керек; бірақ олардың шынайы құндылықтарға негізделген басты бағдардан ауытқуларына жол жоқ.

Міне, сондықтан Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын қаңтарда Давоста орын алатын кездесу тақырыбы ретінде ықыласты және жауапты көшбасшылықты таңдады. Үкімет, бизнес және азаматтық қоғам көшбасшыларды келесі жылға бағдарларын құру барысында бес басты сынақ күтіп тұр.

Біріншіден, олар төртінші индустриялық революцияға тап болады; бұл төңкеріс бүкіл өндіріс салаларын қайта қарастырып, сондай-ақ  жасанды интеллект, робототехника, заттар интернеті, жүргізушісіз жүретін көліктер, 3D басып шығару, нанотехнология, биотехнология, және кванттық есептеу салаларындағы жетістіктер арқасында мүлдем жаңа өндіріс түрлерін шығаруда.

Бұл технологиялар енді ғана өз әлеуетін толық көрсете бастады; 2017 жылы, біз ғылыми фантастика ретінде қарастырылған барлығының шындыққа айналуының куәгерлері боламыз. Төртінші индустриялық революция біздің ең өзекті мәселелерімізге шешім табуға көмектесе алса да, бірақ, ол сондай-ақ өзгерісті қолдайтындар және оған қарсылар деп  қоғамды екіге бөліп жатыр. Ал бұл әлі анықталып және шешілуі керек жолдармен біздің жағдайымызға қауіп төндіреді.

Екіншіден, басшылардың динамикалық, инклюзивті, көп мүдделі тараптық, жаһандық басқару жүйесін құру керек болады. Бүгінгі экономикалық, технологиялық, экологиялық және әлеуметтік проблемаларды тек жаһандық мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы шешуге болады; бірақ біздің қазіргі халықаралық ынтымақтастық үшін ережелер шеңбері соғыстан кейінгі дәуір үшін әзірленген,  ал ол кезде ұлттар мен мемлекеттер негізгі ойыншылар болған.

Сонымен қатар, геосаяси өзгерістер бүгінгі әлемді шын мәнінде көпқырлы етіп жасады. Жаңа жаһандық ойыншылар ұлттық жүйелер және халықаралық тәртіпті қалыптастыру жолдары туралы жаңа идеялар әкелген сайын, қолданыстағы тәртіп нашарлап жатыр.

Сондықтан елдер ортақ мүдделері емес, ортақ құндылықтар негізінде өзара іс-қимыл жасамаса, олардың ынтымақтаса алу дәрежесі шектелген болады. Сонымен қатар, мемлекеттік емес ойыншылар қазір кем дегенде кибер шабуылдар арқылы ұлттық және жаһандық жүйелерді бұза алады. Осы қауіпке қарсы тұру үшін елдер жай ғана өздерін жаба сала алмайды. Алға басудың жалғыз жолы жаһанданудың барлығына пайдасын тигізетіне көз жеткізу болып табылады.

Көшбасшылар үшінші сын-қатер жаһандық экономикалық өсімді қалпына келтіру болады. Тұрақты азайған өсу тұрақты төмен өмір сүру деңгейіне апарады: 5% жылдық өсіммен, елдің ЖІӨ-ін екі есе үлкейту үшін 14 жыл қажет; 3% өсіммен, оған 24 жыл кетеді. Біздің қазіргі тоқырау шешілмесе, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің жағдайы алдағылардан нашар болуы мүмкін.

Тіпті бүгінгі технология жетегіндегі құрылымдық жұмыссыздықсыз, әлемдік экономика бүгіндегі 7,4 млрд-дан 2050 жылға қарай 9,7 млрд-қа жететін өсіп келе жатқан халықты орналастыру үшін миллиардтаған жұмыс орындарын жасау керек болады. Осылайша, 2017 жыл әлеуметтік интеграция мен жастар жұмыссыздығы сыни жаһандық және ұлттық мәселелерге айналған жыл болады.

Төртінші сынақ нарықтық капитализмді реформалау және бизнес пен қоғам арасындағы шартты қалпына келтіру болады. Еркін нарықтар мен жаһандану өмір сүру деңгейін жақсартып, және ондаған жылдар бойы халықты кедейшіліктен алып шықты. Бірақ олардың құрылымдық кемшіліктері — қысқа уақытты, тез пайда алатын нақты емес жоспарлар, үлкейіп бара жатқан байлық теңсіздігі, және тамыр-таныстық  — өз кезегінде соңғы жылдары саяси наразылықты қоздырды,  ал олар экономикалық ынталандыру мен әлеуметтік әл-ауқатты теңестіретін тұрақты құрылымдар жасау қажеттігін көрсетті.

Соңында, көшбасшылар соңғы екі онжылдықта дәстүрлі нормалардың эрозиясынан пайда болған жеке тұлғаны қалыптастыруда, идентификацияда кеңінен тараған дағдарысты шешулері қажет болады. Жаһандану әлемді кішірейтті, бірақ неғұрлым күрделі жасады, және көптеген адамдар мекемелерге артқан сенімдерінен айырылды. Көптеген адамдар қазір өз болашақтарына сескене қарайды, және олар мақсат пен сабақтастық сезімдерін тудыратын ортақ та айқын нанымды іздеуде.

Жеке тұлғаны қалыптастыру рационалды процес емес; ол терең эмоционалдық және жиі аса мазасыздану, қанағаттанбау, және ашу-ыза сезімдерімен сипатталады. Саясат та эмоцияны қолданады: көшбасшылар қажеттіліктерді шешу немесе ұзақ мерзімді жоспар ұсыну арқылы емес, керісінше, жеңілдеу кездерге ностальгия,  ортақшылдық немесе ұлттық тамырларға қайта оралу тәрізді сезімдерді оятып отырып, сайлаушыларды дауыс беруге тартады. Біз, 2016 жылы, популистердің реакциялық және төтенше нанымдарды қолдану арқылы пайда тапқанының куәгері болдық. Жауапты басшылар, өз кезегінде, халықтың қорқыныш пен қаһарын мойындай отырып, жарқын болашаққа басу үшін шабыт беріп, сындарлы жоспарларды ұсынуы керек.

Бірақ қалай? Бүгінде бүкіл әлем пессимизм және цинизм теңізіне батып кеткен сияқты. Миллиондаған адамдарды кедейліктен шығарып, олар одан да салауатты және мағыналы өмір сүрулеріне көмектесуге мүмкіндігіміз бар. Және біз жасыл, инклюзивті және бейбіт әлемге жетуге бірге еңбектенуіміз керек. Біздің табысқа жетуіміз кейбір сыртқы факторлармен емес, керісінше, біздің басшылардың қабылдаған шешімдеріне байланысты болады.

Алдағы жыл жаһандық қоғамда барлық мүдделі тараптар үшін сыни  болады. Бұрын сонды болмаған, біздің ұжымдық мәселелерді шешу үшін және халықтың мекемелерге сенімін қалпына келтіру үшін икемді және жауапты көшбасшылық қажет болады. Бізде әлемді жақсырақ етіп жасауға қаражат жетіспейді емес. Бірақ, мұны жүзеге асыру үшін, біз өзіміздің тар мүдделерімізді емес,  жаһандық қоғамның мүдделеріне көңіл бөліміз қажет.

Бұл міндет ашық диалогқа қатысып, бес күрделі мәселелерге шешімді бірге іздей бастауға тиіс біздің көшбасшыларға жүктеледі. Егер олар біздің, тағдыры бір жаһандық қоғамдастық екенімізді мойындаса, онда олар дұрыс бағытта, қарапайым болса да, бірінші қадам жасайды.

Автор туралы: Клаус Шваб  Дүниежүзілік экономикалық форумының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы болып қызмет атқарады.

Copyright Project Syndicate © Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ