Соңғы бірнеше онжылдықтарда, жаһандану, жаһандық теңсіздікті төмендетуге және экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін құруға көмек берген экономикалық дамудың теңдесі жоқ  кезеңін ашты. Соңғы есептеулер бойынша, 1990 жылдан бастап шамамен 1,1 миллиардтай адам қайыршылықтан шығарылып, жаһандық халықтың санында олардың үлесі 35% -дан 10% -ға дейін азайды.

Бірақ жаһанданудың даусыз артықшылықтары жалпыға бірдей үлестірілмеді, бұл кейбір елдерде өсіп келе жатқан  протекционизм үндеулерінің көбеюіне әкелді. Қоршауларды орнату мен елдерді жауып тастау, жаһандану салдарынан артта қалғандарға, оның ішінде әлемді өзара байланыстырған жаңа технологиялық өзгерістерден зардап шеккендерге қол ұшын беру жолы емес.

Әлемдік көшбасшылар жаһандануды дұрыс қолданулары керек; әлемімізді қауіпсіз және одан әділдірек жасай алатын жаңа жолдарды анықтай отырып, озық экономикалар үшін оның толық әлеуетін ашу үшін саясаттар әзірлеулері қажет. Бір ықтимал жол әсіресе дамушы елдерде, трансшекаралық инфрақұрылымды инвестициялауды кеңейту болып табылады. Инфрақұрылым инвестициялары — адами капитал инвестициясымен бірге — инклюзивті өсуге жәрдемдесу және жаһандық сілкіністерге жергілікті тұрақтылықтықты дамытудың тиімді тәсілі болып табылады.

Тарихи төмен пайыздық мөлшерлемелер және сауданы тарылтудан көрінетін озық экономикалардағы баяу өсу жағдайында жаһандық динамизмнің жаңа көздері қажет. Барлық дамыған экономикаларда қарыздар бойынша шығындардың төмендеуі, жиынтық сұранысты төмендеткен, негізінен қартайған халықтың жинаған қаражаты арқасында және технологиялық өзгерістерден болған капитал қарқындылығының азаю салдарынан болған. Мағыналы инвестициялық мүмкіндіктердің жоқтығы болашаққа деген сенімді төмендетеді және одан әрі экономикалық белсенділікті тоқтатады.

Инфрақұрылымдық инвестициялар, соның ішінде трансшекаралықтар, әлемдік жинақтар және инвестиция арасындағы ағымдағы макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуына жауап беруге көмектесе алады. «Климат-smart» инфрақұрылымын арттыру экономикалық прогрестің көміртекті қалдықтарын азайтар еді, және жаһандық өнімділікті арттырып, қартайған қоғамдардың инвесторлары үшін ұзақ мерзімді табыс ағындарын құра алады.

Экономикалық дүниетанымды жетілдіру және климаттың өзгеруі тәуекелдердін азайту арқылы, мұндай инвестициялар, осы инфрақұрылымдық активтерді құру біраз уақыт қажет етсе де, сенімдерді көтеріп, жақын арада инвестиция жасайтын елдерде жиынтық сұранысты арттыруы мүмкін.

Дегенмен, инфрақұрылымдық инвестицияда да елеулі тәуекелдері бар, әсіресе, егер ол алыс жерлерде жүзеге асырылса. Кейде, осы тәуекелдер қартайып жатқан қоғамның қабылдауға дайын шамасынан әлдеқайда қиындау болады. Дүниежүзілік банк тобында (WBG), біз инфрақұрылымдық инвестиция тәуекелдері және инвесторлардың тәбеті арасындағы осы алшақтықты бірнеше жолмен азайтуға көмектесеміз.

Біріншіден, WBG үкіметтерге қолайлы құқықтық ортаны қалыптастыруға, жобаларды дайындауға, және ақпараттық кедергілерді азайтуға көмектеседі. Біздің команда мүше елдермен тұрақты диалог сақтайды. Ғаламдық инфрақұрылымдық қор (GIF), жақсы дайындалған, инвестицияға дайын инфрақұрылымдық жобаларды жасап жатыр.  Ал біз жақында, 82 елде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша ортаны сараптадық.

WBG, сондай-ақ, оң қайтарымды қауіпсіз активтердің көлемін ұлғайтуға көмектесе отырып, әлдеқайда түсінікті және анық, жобалық және портфельдік деңгейде ұсыналатын түрлі кепілдіктерді дайындап отыр. Ал біз жақында ашылған Инфрақұрылым бойынша Басқарылатын өзара несие портфелі бағдарламасы  және IFC Активтер басқармасы компаниясының бірнеше қорлары арқылы, институционалдық инвесторларды жеке-меншік секторға бағдарланған Халықаралық қаржы корпорациясымен жұптастыру үшін де мүмкіндіктер жасап жатырмыз.

Соңында, біз отандық ресурстарды жұмылдыру және шетелдік инвестицияларды енгізуді жеңілдету үшін жергілікті капитал нарықтарының және институционалдық инвесторлардың дамуын қолдаймыз. Болашақ инновациялар арқылы тіркелген табыс инфрақұрылым көрсеткіштері және дамушы нарықтық инфрақұрылымға байланысты облигациялар, сондай-ақ үкімет кітаптарындағы активтерді қайта қолдануға жәрдемдесетін құралдарға жетуге болады.

Жалпы алғанда, инфрақұрылымдық инвестициялардың дәстүрлі актив категорияларына қарағанда тәуекелдері көбірек емес, себебі  оның дамушы нарықтарда да активтерді қайтару деңгейі жоғары және қайтару құбылмалылығы төмен. Осындай дәлелдердің артуы басқарушыларды осындай активтер бойынша неғұрлым икемді капитал алымдарын қарастыруға жігерлендіреді, әсіресе көпжақты мекемелерден кепілдіктері бар жобаларды іске асыру үшін. Мұндай қолдау, жергілікті және халықаралық институционалдық инвесторлар үшін қолайлы активтер ауқымын кеңейтуге көмектесе алады.

Үлкен ауқымда жеке капиталды жұмылдыру, ықтимал қатерден қолдау көрсету үшін қоғамдық ресурстарды талап етуі мүмкін. Оң экономикалық әсерді, климаттың өзгеруі және кедейлікпен күресуге қосқан үлесті, жұмылдыруға байланысты әлеуетті пайданы ескере отырсақ, көпжақты қаржы институттарынан көбірек кепілдіктерді қамтамасыз етуді қолдау үшін мемлекеттік ресурстарды пайдалану өте тиімді болуы мүмкін .

Креативті ойлап, жаһандану күн тәртібін жаңарту үшін «климат-smart» инфрақұрылым инвестицияларын пайдалануға уақыт келді. Солай жасайтын болсақ, біз, біздің ғаламшарды одан әрі қинамай-ақ, әлеуетті экономикалық өсімді арттыруға көмектесе аламыз, сонымен қатар ортақ өркендеуді арттырып, бүкіл әлем бойынша аса қатты кедейшілікті  мүлдем жоюға жақындай түсеміз.

Автор туралы: Жоаким Леви — Бразилияның бұрынғы қаржы министрі (2015-2016), Вашингтонда орналасқан Дүниежүзілік Банк тобының басқарушы директоры және бас қаржы директоры.

Copyright Project Syndicate © Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ