Хиллари Клинтон Нью-Йорк мэрі болуы мүмкін

0
136

Алматы. 7 қаңтар. 7kun.kz — АҚШ-та президенттік cайлауда Дональд Трамптан ұтылған Хиллари Клинтон енді Нью-Йорк мэрінің сайлауына қатыспақшы. New York Daily News басылымының мәліметінше, Клинтон осы орын үшін өз кандидатурасын ұсынатынын Демократиялық партияның жоғары лауазымды өкілімен әңгімелесу кезінде айтақан, деп жазды Лайф.ру.

Басылымның жазуынша, бұл қызметке оны демократтар шақырып отыр. Ал Нью-Йорктің бұрынғы басшысы Билла де Блазио мен Хиллари Клинтон қатынасы президенттік сайлау кезінде шиеленісіп кеткен, содан кейін ол Клинтонды президенттікке үміткер ретінде қолдаудан бас тартқан. Билла де  Блазионың мерзімі  осы жылдың соңында аяқталады.

АҚШ-тағы ірі қала мэрін сайлау 2017 жылдың 7 қарашасында өтеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ