Жылдық  шығындарды қалай  жоспарлайсыз?

0
75
Фото:ecotonkosti.ru

Жаңа жылда әр отбасындағы өзгерістер үй тұрмысына қажетті  жаңа заттар сатып алумен басталады.  Алайда, оның бәрі қаражат пен отбасы әл-ауқатына сәйкес жүзеге асады. Алғашқы қадамды отбасылық бюджет жоспарын жасаудан бастағанды жөн көріп, тиімді тәсілдерін ұсынамыз. 

Жылдық жоспардың алғашқы қадамы — үйге кіретін қаржы кірісін анықтау. Егер отбасындағы кіріс нақты ай сайын келіп тұрса (өзіңіздің немесе жарыңыздың айлық еңбекақысы),  мұндай кіріс жүйесін анықтау өте қарапайым.  Ал кірісіңіз нақты айлық емес (белгілі бір келісім шарттың тек пайыздық үстемесін алсаңыз), онда ең төменгі табысты есептейсіз. Табыс көзіңіз өте көп болса,  қаржы жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.  Сондай-ақ, қосымша қаржы табыстарын да естен шығармаңыз. Мысалы, гранттар, жеңілдіктер, депозиттер бойынша сыйақы, ересек балалардың степендиясы және тағы басқа. 

Отбасы шығынын анықтаңыз. Барлық шығындарды үнемі жұмсалып отыратын (азық-түлік, коммуналдық төлем, көлік және тұрмыстық шығындар, телефон мен балалар білімі) және мерзімді пайда болатын шығындар деп бөліңіз. Ай сайын жұмсалатын шығындар тізбегін жазып, ақша сомасын шығару керек. Мерзімді шығындарды да шамамен есептеп, артығын отбасы бюджетіне қалдыру қажет. Сонда  кез келген уақытта қажетті дүниеге ақшаңыз дайын тұрады. 

Қайталанатын қаржы шығын күнтізбесін жасаңыз. 2017 жылдың күнтізбесін алып, қаржының түсімі мен шығынын әр күнге   белгілеңіз. Біріншіден, отбасы мүшелері мен туыстардың туған күні мен түрлі мерекелерге жұмсалатын қаржыны есептеу керек.  Екіншіден,  үй  тұрмысына қажетті үлкен заттар мен киімдерге жұмсалатын ақшаны есептеңіз. Мысалы, қаңтар мен ақпан айларында киімге қаржыны үнемдеуге болады. Себебі барлық сатылымдарда киімдерге 70 пайызға дейін  жеңілдіктер жүреді. Қыс мезгілі бітті деп алаңдамаңыз. Жеңілдікпен алған жылы киімдер келесі қысқа дайын болып тұратыны сөзсіз. Үшіншіден, демалысты қалап, оған да қаражаттың жетуін көздесеңіз, онда жаздың алғашқы айы ақша үнемдеуге қолайлы. Маусым айындағы демалыс жолдамалар шілде мен тамыз айларына қарағанда екі арзан болады.  Төртіншіден, мектеп балаларына қажетті заттарды алу үшін жаздың екінші айынан қамданыңыз.   Өйкені жаз ортасында түрлі киімдер мен заттарға жеңілдіктер жүреді.

Жылдық қаржы жоспарының келесі кезеңі — кіріс пен шығысты салыстыру. Яғни шығынды айлық табыстан шегеріп, қалған ақшаны қаржының қалдықтары деп есептейсіз. Ай  сайынғы ақша тапшылығын жою үшін, әрбір алдыңғы айдан қаржы қалып отыруы тиіс. Егер ол да мүмкін болмаса, мерзімді  жұмсалатын қаражатты, сатып алынатын заттарды үнемдеу қажет.

Ең маңызды қадамдардың бірі – қаржылай бақылау. Дүкеннен немесе банктен алған қаржы сомасы бар чектер мен төлем қағаздарын сақтап қойыңыз. Сондай-ақ, жылдық қаржы жоспарын құрып қана қоймай, оны іске асырып, ұстап тұруда маңызды.  Отбасылық кіріс пен шығысты бақылап, есептеу үшін дәптер немесе тізімге құрылған  Exel бағдарламасы немесе арнайы  интернет бағдарламаларын қолдануға болады. Жаһанданған заманда отбасы бюджетін есептеуге арналған оннан астам ақылы және тегін бугалтерлік есептік бағдарламалар бар. Олардың мүмкіндігі есепеуге жеңіл және кіріс пен шығыстарды түрлі-түсті диаграммалар арқылы шығарып береді.

Сондай-ақ, ақша үнемдеудің бір жолы жаңа жылдық акцияларды қарап жүру. Дәл қазіргі кезде дәл қазіргі кезде Kaspi Bank жаңажылдық жеңілдіктер ұсынуда. Қаңтардың 1 мен ақпанның 28 аралығында Kaspi картасымен мейрамхана, түнгі клуб, кафе, кинтетатр, мұз айдандарының қызметі үшін төлем жасасаңыз 5% Бонус ала-аласыз. Оны kaspi.kz сайтындағы төлемдерге жұмсауға болады. Банктер мен сауда орындарының жеңілдіктерін бақылап жүріп, айтарлықтай ақша үнемдеуге болады.

Жанерке Серікова «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ