Қазақстанда әлеуметтік төлем үшін 125,5 млрд теңге жұмсалды

0
134
Фото: inform.kz

Астана. 9 қаңтар. 7kun.kz — 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған азаматтарға 125,5 млрд теңге төленді.

Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2016 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 56,5 млрд теңге сомасында 174 366 әйелге берілді.

Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан берілген ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 2016 жылы 22 349 теңгені құрады. Ай сайын әлеуметтік төлемнің мұндай түрін 69 млрд. теңге сомаға 201 мың адам алды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ