Зейнетақы қорының басшылығы 2 айға қамауға алынды

0
241

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Руслан Ерденаев пен қордың басқа да жетекшілері екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды vlast.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

«Ерденаев пен жетекшілерге қатысты 2 айға қамауға алу туралы шара қолданылды. Шешім 28 желтоқсан күні күшіне енген. Ұсталғандардың қатарында қордың қаржылық тәуекелдерді басқару бөлімінің басшысы Бақытов, бақылау кеңесінің төрағасы Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС басшысы Найзағарин бар», — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

БЖЗҚ жетекшілерінің ұсталғаны туралы ақпаратты 6 қаңтар күні Ұлттық банктің қаржылай қызмет және тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімдеген. 

Айта кетейік, БЖЗҚ-ның топ менеджерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (Алматы қаласындағы департаменті) қор мен «Бузгул Аурум» ЖШС арасындағы облигациялық келісім-шартқа қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары кезінде ұсталған. 

БАҚ-тың хабарлауынша, құқық қорғау органдары «Бузгул Аурум» ЖШС-ның облигацияларына инвестиция салу арқылы қордан 5 млрд теңге жымқырылған деген факт анықталған.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ