Үйді қай уақытта сатып алу ыңғайлы?

0
251
Фото:onthe.io

Баспана сатып алу кезінде сан түрлі факторға назар аудару қажет. Қай мезгілде сатып алу керек, қандай уақыт қолайлы — сондай басты талаптардың бірі. 7kunkz пәтер сатып алуға қажет осындай пайдалы кеңестердің бірін ұсынады. 

Әдетте, тұрғын үй саудасы жыл сайын белгілі бір кезеңде қызу жүреді. Ол қатып қалған заңдылық емес, алайда аксиомаға құрылған жылдағы мезгілдерде орындалады.

Тұрғын үй саудасының ең төменгі көрсеткіші — қаңтар айында. Себебі ешкім үйді сатпайды және алмайды. Жаңа жылдың басында халықтың жаңа үй алуы сирек кездесетін уақыт.  Қыстың алғашқы айында бағада ең төменгі көрсеткіште тұрады.

Бірақ ақпан айында тұрғын үй саудасында «тірілуі» кезеңі басталып, наурызда белсенді жүреді. Ал сәуірде тұрғын үй саудасы айналымға шығып, баға белсенділігі жоғарылайды.

Жаз бен күз мезгілдерінде  тұрғын үй бағалары тұрақсыз өзгеріп отырады. Мәселен, мамыр, маусым айларында мүлік бағасы төмендесе, тамыз және қазанда баға көрсеткіші шырқау биікке шығуы мүмкін.  Күз мезгілінде жаңа оқу жылы басталады, жұрт демалыстан жұмысқа оралады. Бұл уақытта баға жоғарыламаса, еш төмендемейді.

Аралық қорытынды жасайтын болсақ, тұрғын үйді қаңтар және ақпан айларында сатып алған өте ыңғайлы. Бағаның ең төменгі сатылымы және сауданының аз уақытысында қалаған үйді алуыңызға мүмкіндік бар.  Ескере кететін жағдай, бұл мәлімет жылжымайтын мүлік пен мерзімді сатылымдарға ғана қатысты.

Сондай-ақ, бұл сатылымдар бағасы  жаңа тұрғын үй нарығында қолданылмайды.   Жаңа тұрғын үйлерді желтоқсанда сатып алған тиімді.  Жыл соңында компания әзірлеушілері түрлі жеңілдіктер мен бонустарға құралған төмен бағадағы сапалы әрі жаңа үйлерді саудаға шығарады.  Осы уақытта бір шаршы метрдің бағасы сатып алушы үшін төмендетіліп, сапасына қарай қолжетімді бағада ұсынылады.

Жанерке СЕРИКОВА «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ