2017 жылы әлемдік экономикада не өзгереді?

0
89

2017 жылы Ұлыбритания Еуроодақтан шықпайды, биткоин үш есеге қымбаттап, әлсіз компаниялар нарықтан жоғалады. Себебі оларға әлемдік банктердің пайыздық ставкаларының жоғары болуы әсер етуі мүмкін. Шетелдік Saxo Bank сарапшылары биылғы жылға осындай болжам жасап отыр.

Қытай экономикасының қайта жандануы

Saxo Bank-тің негізгі болжамдарының бірі — әлемдік дағдарыс кезінде біраз әлсіреген Қытай экономикасының қайта жандануы. Дегенмен Қытайдың әлемдегі экономикасы АҚШ-тан төмен болғанмен ЖІӨ көлемі рекордтық көрсеткішке ие, жылына 7%-ды құрайды.

Болжамға сәйкес, Қытай өндіріс және инфрақұрылымды дамыту керектігін біледі және фискалдық, монетарлық ынталандыру арқылы капитал нарығын одан ары дамытады, тұтынушылық сектор арқылы экономикалық өсімді арттырады. Сондай-ақ, қызмет секторы есебінен аспан асты елінің экономикасы 8%-ға дейін өсуі мүмкін.

Ұлыбритания және Еуропалық одақ 

Saxo Bank сарапшыларының болжамына сәйкес, Ұлыбритания Еуроодақ құрамында қалады. Осылайша, Англия банкі мөлшерлемені 0,5 пайызға көтеріп еуроның фунт стерлингке қатынасы 1973 жылғы деңгейге дейін әлсірейді. Дегенмен Saxo Bank болжамының орындалу ықтималдығы әзірге төмен.  Өйткені британдықтар Еуроодақтан шығу туралы шешім қабылдап, ұйыммен біраз «ренжіскені» белгілі. Сондықтан ортақ тіл табулары екіталай. Оның үстіне Еуорпалық одақтың болашағына күмәнмен қарайтындар көбейіп келеді. Брокерлік компания болжамы бойынша келесі жылы Италия мен Нидерланды билік коалациясын құруы мүмкін.

Алтын биткоин 

Saxo Bank-тің ойынша, Трамптың кезінде АҚШ-та фиксалды шығындар көп болады, ал бюджет тапшылығы 600 миллиардтан 1,2-1,8 триллион долларға дейін артады. Бұл АҚШ-тағы инфляция деңгейінің өсуіне әкеп соғады. Салдарынан Федералды резервті жүйе базалық мөлшерлемені көтереді. Доллар курсы тағы да қымбаттай түседі. Дамушаы нарықта домино эффектісі пайда болады.

Нарықтағы мұндай құбылмалықтар биткоин сынды криптавалюталардың танымалдығын арттыруы мүмкін. Себебі брокерлік компанияның ақпаратынша, Ресей мен Қытай билігі және банк жүйесі биткоинның долларды жартылай алмастыратын қаржы екеніне сенім білдіріп отыр. Сондықтан электронды ақша 3 есеге қымбаттайды.

Дегенмен Қытай мен Ресейдің әзірге криптавалютаға күмәнді әрі қауіпті құбылыс ретінде қарайтынын ескерсек, Saxo Bank-тің екі елдің позициясына кері болжам жасап отырғанын көреміз.

Saxo Bank болжамдары қандай еді?

2015 жылдың желтоқсан айында Saxo Bank АҚШ-тың Президент сайлауында Демократиялық партия жеңіске жетеді деген. Хиллари Клинтонның дауысы басым түсіп, Сенат пен Палата өкілдерінің арасында демократтар саны басым болу керек еді. Бұған бүкіл  әлем «сенген». Алайда Трамптың Президент болып сайлануы тек АҚШ-ты ғана емес, бүкіл әлемді таң қалдырды.

Осылайша, Saxo Bank-тің бас экономисі Стин Якобсен әлемдік болжамдардың орындалмағаны таңқаларлық жағдай екенін атап өтті. «Сондықтан 2017 жылғы біздің болжамдарымыз уақытша ғана», — деді сарапшы.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ