Қазақстан ОПЕК келісімі бойынша мұнай өндірісін қысқартты

0
239
Фото: kursiv.kz

Астана. 10 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан ОПЕК пен оған мүше емес елдер арасындағы келісімге сәйкес, мұнай өндірісін қысқартты. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан ОПЕК алдындағы өз міндеттерін орындауға кірісті. Қаңтар айынан бастап мемлекет тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 20 мың баррельге дейін қысқартты. Бұл ОПЕК отырысында болған келісім», — деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстан тәуліктік норманы 20 мың баррельге дейін қысқарутға міндеттелген. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұны қалыпты деңгей деді.

Қазақстан 2016 жылдың қараша айында тәулігіне 1,7 млн баррель мұнай өндірген. Айта кетейік, өткен жылдың 9 желтоқсанында ОПЕК пен оған мүше емес 11 ел арасында 1 қаңтардан бастап тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 558 млн баррельге дейін қысқарту туралы келісім жасалды. Ең үлкен көлемді Ресей қысқартады. Мемлекет енді өндірісті 300 мың баррельге азайтады.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ