2016 жылғы экономикалық өсім — 1 пайыз

0
231

Алдын ала белгілі болғандай 2016 жылдың  қорытындысына сәйкес ЖІӨ 1 пайызды құрады деп хабарлады ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

«Жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ көлемі 1 пайызға өсті. Бұл 2016 жылдың болжамы болатын», — деді Сүлейменов.

Оның сөзіне сенсек, құрылыс және көлік салаларында біршама өсім байқалған.

«Бұл салалар ЖІӨ-ге үлкен үлес қосып, оның көрсеткішінің 1пайыздан төмендемеуіне себепші болды», — деді ұлттық экономика министрі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері де жоғары болған.

 


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ