АҚШ ОПЕК елдерінің келісіміне кедергі келтіріп отыр

0
146

Қазақстан ЖІӨ-сі 2017 жылы 2,2 пайызға өседі. Мұндай болжам Дүниежүзілік банктің Global Economic Prospects зерттеуінде жазылған.

2016 жылдың маусымында жасалған болжаммен салыстырғанда көрсеткіш 0,3 пайызға артқан. 2016 жылы Қазақстан экономикасы 0,9 пайызға ғана ілгерілеген еді. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің ақпаратына сәйкес, 2018 жылы елдің жалпы ішкі өнімі 3,7 пайызға, 2019 жылы 4 пайызға өседі.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк 2017 жылы өткен жылғы барреліне 55 доллар шамадан 27 пайызға қымбаттайды деп болжаған. Өз кезегінде шикізат нарығы сұраныстың артуы мен мұнай өндіруші елдердің ұсынысының азаюынан қайта қалыпқа келе бастайды.

«Егер шикізат экспорттаушы елдер өздері қол қойған келісімді толығымен орындаса, әлемдік нарықтағы мұнайдың үлесі осы жылдың 1-жартысында-ақ азаяды. Шарттар жалғас кезеңде де орындалса, бұл нарықта қатаң талаптар қалыптастырады. Дегенмен, АҚШ ОПЕК елдерінің мұнай бағасын көтеруге бағытталған жоспарына кедергі келтіреді», — дейді банк сарапшылары.

Айта кетейік, қазірдің өзінде Brent маркалы мұнай бағасы 54 доллардан түсіп, 53,77 долларды құрап отыр. Бұған АҚШ пен Иран өздері экспорттайтын мұнай көлемін арттырып жіберуі себеп болып отыр.

Алматы қаласындағы жергілікті телеарна мен республикалық басылымдарда қызметтік тәжірибесі бар. 2016 жылдың маусым айынан бастап сайттың редакторы қызметіне кірісті.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ