Атыраудағы Орталық бассейн сұранысқа ие болмады

0
33
Фото:gosreestr.kz

Атырау. 11 қаңтар. 7kun.kz — Атырау қаласындағы Орталық жүзу бассейнін басқару құқығын алу үшін келісім болмады. Gosreestr.kz сайтының нұсқауымен келісімге тек  бір қатысушы ғана қатысты. 

6 қаңтар күні, МБ «Атырау облысындағы дене шынықтыру және спорт басқармасы» Атырауда орналасқан Орталық жүзу бассейнін басқару құқығын аукционға шығарған еді. «Аймақты сату келісімдегі қатысушылардың біреуіне ғана тиесілі. Сенімді басқарма пайданың 50%-ын аймақты қамтамасыз етуге арналған шығындарды бюджетке аударып, ал қалған бөлігін өзіне сияқы түрде қалдырады. Басқарудың мерзімі — 3 жыл».

Келісімде қатысу үшін 14,1 млн көлемдегі кепілдік төлем жасалуы тиіс. Бассейннің жалпы аумағы 8049,7 шаршы метрді қамтиды. Жабық жүзу бассейнінің аумағы 2683,2 шаршы метр, ал іргетасы монолиттен жасалған.

Орталық жүзу бассейні 2007 жылы монолиттік плиттерден салынды. Жалпы спорттық кешен ғимараты 3 қабаттан тұрады. Үлкен бассейннің сыйымдылығы — 3150 тонна, ал кішкентай бассейннің сыйымдылығы — 150 тонна. Көрермендер залында 175 орындық бар.

Жангүлім ХАФИЗ «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ