Гаухар Каппарова Қазинвестбанктің акционерлері құрамынан шықты

0
61
Фото: Forbes.kz

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz — 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазинвестбанк» АҚ-ның 10 пайыздан аса акциясына иелік ететін акционерлерінң құрамы өзгерді. Бұл туралы ақпарат KASE сайтында орналыстырылды.

Cонымен банктің 10,0230% акциясына (13 911 925 шешуші акция) иелік ететін Гаухар Каппарова акционерлер құрамынан шықты. Ал  банктің директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Жанабеков қаржы институтының 13,5614%(18 823 119 шешуші акция) акциясына иелік етеді.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық банкі «Қазинвестбанк» АҚ банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айырған.

Шешім аталған банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының) 48-бабы 1-тармағының в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі орындамағаны үшін қабылданған.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ