Бигелді Ғабдуллин кінәсін мойындады

0
211

Central Asia Monitor порталының бас редакторы және «Радиоточка» интернет-порталының директоры Бигелді Ғабдуллиннің қорғаушысы,  Аманжол Мұхамедияров Астанада сотқа дейінгі тыңдалымда журналиске қатысты сот өндірісін тоқтатуды сұрады деп хабарлайды Vласть.

Қорғаушының айтуынша, Ғабдуллин сотқа дейінгі тергеуде кінәсін мойындап, жасағандарына өкінетінін айтқан. Сонымен қатар, қылмыстың ашылуына жәрдемдесіп, жәбірленуші тарапқа келтірілген 20 миллион 625 мың теңге шығынды толығымен өтеген. Ол тергеу барысында жасаған қылмысына өкінетіндігін айтып, өзін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған.  Алдын-ала тергеу органында Ғабдуллиннің айыбын мойындап келгені туралы ресми құжат тіркелген.

Бірақ прокурор бұған наразылық танытқан, ал жапа шеккен жақ Ғабдуллинді қылмыстық жауапкершіліктен босатуға қарсы болмады.

Еске салайық, танымал журналист Қылмыстық кодекстің 194 баптың 4 бөлім 2 тармағына сәйкес сотқа берді. Қылмыстық істі Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты қабылдады.

Ғабдулиннің ұсталғаны туралы Қазақстанның жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы өткен жылдың 15 қарашасында хабарлап, кейін оның қамалғаны туралы ақпарат жарияланды. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро мемлекеттік органдардан «бақылауға алынған БАҚ»  пайдасы үшін қаражат талап еткен.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін 2014 жылы бітірді. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2016 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ