Астана-Щучинск автожолынан 1 млрд 251 млн теңге жиналды

0
186
Фото: schuchinsk.kz

Астана. 12 қаңтар. 7kun.kz — 2016 жылдың қорытындысы бойынша Астана-Щучинск автожолында 1 млрд 251 млн теңге жиналған, деп хабарлайды Стратегия-2050 сайты «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компанияда атап өткендей, 2016 жылғы алымдар бойынша жоспар 1 млрд 144 млн теңгені құраған. Жоспардың асыра орындалуы 107 млн теңгені құраған. Барлық жиналған қаражат учаскені ұстауға және ақы алу жүйесін жаңартуға бағытталған.

2016 жылғы көлік құралдары қозғалысының жалпы қарқындылығы 2 млн 697 мың автомобильді құраған. 2015 жылмен салыстырғанда (2 581 252 КҚ) көлік құралдары ағымының ағымдылығы 4,3% артқан.

Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы шығыстарының негізгі баптарын материалдарды сатып алу, еңбекақы, қосалқы бөлшектер, ЖЖМ, амортизация, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, машиналар мен жабдықты жөндеу құрайды.

2016 жылы ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында Ақылы автомобиль жолдары дирекциясының өндірістік жоспарына сәйкес 1 млрд 165 млн теңге сомасына жұмыстар орындалған. Олардың ішінде ақы алу жүйесін ұстауға — 278 млн 935 000 теңге, жолды ұстау мен ағымдағы жөндеуге — 886 млн 724 552 теңге.

Автомобильдердің орташа тәуліктік қарқындылығы 7-8 мыңды құрайды, демалыс күндері ең жоғары қарқындылық 12 мың көлік құралына дейін жетеді.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ