ЖаңалықтарҚоғамТаңдаулы1

1 қаңтарда жер шарындағы халық саны 7,444 млрд адамға жетеді

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – Жер шарындағы халық  1 қаңтарда 7 444 443 881 адамға жетеді. Бейсенбі күні АҚШ санақ бюросының мамандары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС.

Олардың айтуынша, 1 қаңтарға қарай Жер шарындағы адам санының өсімі өткен жылмен салыстырғанда 78,5 млн адамға көбейіп, өсім 1,07 пайызды құрайды.

Бұған дейін аталмыш бюро 2050 жылға қарай жер бетіндегі халықтың саны 9 млрд адамға жететіні туралы болжам жасаған.

XI ғасырдың басында жер шарында 310 млн адам өмір сүрсе, 1900 жылы бұл көрсеткіш 1,6 млрд адамға жеткен. 6 миллиардық меже 1999 жылы бағындырылған болатын. 2011 жылы жер бетіндегі адамдар саны 7 миллиардқа жетті.

 

Tags

Осы айдарда

Close