1 жылда азық-түлік тауарларының бағасы қалай өзгерді?

тауарларының бағасы
Фото: kiev.informator.ua

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылғы шілдемен салыстырғанда 4,4%-ға өсті.

Баға алкогольді ішімдіктерге – 11%, сүт өнімдеріне – 10,6%-ға, балық және теңіз өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге – 8%-дан, тоқаш және ұн өнімдеріне – 6,4%, макарон өнімдеріне – 2,6%, кофе, шай және какаоға – 2,2%,               нанға – 0,8%, ұнға 0,2%-ға жоғарылады, ал жармаларға – 14,4%, қантқа – 12%, жемістер мен көкөністерге 4,1%-ға төмендеді.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдеріне баға өсімі 7,2%-ды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі – 8,8%, шұжық өнімдеріне – 8,2%, шошқа етіне – 7,6%, жылқы етіне – 7,4%, қой етіне 6,4%-ға жоғары болды.