ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1Экономика

10 трансұлттық компания 300 млрд теңге көлеміндегі меморандумға қол қойды

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz – XI Астана экономикалық форумы шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар тарихи құжаттарға қол қойды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Ірі трансұлттық компаниялар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне қаржы ресурстарын ғана емес, қазіргі заманғы технологиялар трансфертімен де қамтамасыз етуге дайын.

Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы және оның жылдық өсім қарқыны 104,5 пайызды құрап отыр.

Мемлекет басшысы еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Ірі трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық тікелей инвестициялардың жеткілікті мөлшерін ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың өздері есебінен дайындалған өнімдерді одан әрі экспорттауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған міндеттер шеңберінде Астана экономикалық форумы аясында ірі трансұлттық компаниялармен, соның ішінде «Crемоnini» («Inalca Eurasia Holding»), Италия, «M.A.D. Developing Agricultural Projects», Израиль, «Cedar Meаts», Австралия, AGCO, США «Golden Camel GROUP LTD», Қытай, «Hyundai Corporation», Оңтүстік Корея, «Dunbia», Ұлыбритания компанияларымен жалпы көлемі 300 млрд. теңгені құрайтын меморандум және жол карталарына қол қойылды.

Аталған компаниялар ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін өндірушілер арасында көшбасшылар қатарында.

Жобаларға қол қойылғаннан кейін инвесторлармен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараны ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ірі шетелдік инвесторларды Қазақстанға тарту, өнеркәсіптің экономикалық және технологиялық әлеуетін одан әрі дамытудың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Tags

Осы айдарда

Close