13 мыңнан аса қазақстандық жұмысынан айырылды

261
13
Фото: buzzfeed.com

Алматы. 08 тамыз. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың I жартыжылдығында қысқартылған қызметкерлер саны 2018 жылдың I жарты жылдығымен салыстырғанда 1,5 есеге өсті.

2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда штаттың қысқаруына байланысты 13,1 мыңға жуық адам жұмысынан айрылды. Бұл ретте 2018 жылдың ұқсас кезеңінде — 7,9 мыңға жуық.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылы ең көп төмендеу I тоқсанда тіркелді — шамамен 9 мың адам.

Айта кетерлік жайт, қызметкерлер саны 500 адамға дейін ірі кәсіпорындарда қысқарған — 2,8 мың.

Алматы (1844 адам), Маңғыстау (1765), Нұр-Сұлтан (1652), Шығыс Қазақстан (1207) және Батыс Қазақстан (834) облыстары жұмыстан шығарылған қызметкерлер саны бойынша өңірлер арасында көшбасшы болды.

Кәсіпорындардың таратылуына байланысты 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,3 мыңнан астам адам жұмысынан айрылды.