15 жастан асқан қазақстандықтардың 70%-ы әлеуметтік желілерді қолданады

45
әлеуметтік
Фото: lihtar.by

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — Әлеуметтік желілерді 15 жастан асқан Қазақстан тұрғындарының 70% -ы қолданады, делінген Accenture Kazakhstan консалтингтік компаниясының есебінде, деп жазды kaztag.kz.

Есепке сәйкес, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары 17% құрайды, ал әлеуметтік желілерді белсенді мобильді қолданушылар 15 жастан асқан тұрғындардың 10%-ы құрайды.

Қазақстан статистика комитетінің ақпарынша, 2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың маусымына дейінгі кезеңде әлеуметтік медиа арасында басымдыққа ие әлеуметтік желі жоқ. 15-30 жас арасындағы жастар көбіне VKontakte, ал 30-дан жоғары жастағылар – Facebook желісін қолданады.

Қазақстан нарығында Facebook үлесі 2018 жылы барлық әлеуметтік желіні қолданушылардың 26,4%-ын құрады, ал YouTube үлесі – 25,4%, Twitter – 21%, VKontakte – 16,4%, Pinterest – 5%, Instagram – 4%, басқа желілер – 1,8%.

Бұл ретте әлеуметтік желілер үшін компьютерлерді қолдану Facebook пен Twitter үшін барынша кеңінен таралған, ал мобильді қондырғы YouTube, Instagram мен Pinterest үшін барынша көп қолданылады.

Хабарда атап өтілгендей, жалпы әлеуметтік желілер нарығы банктік қызметтер үшін қызықты, алайда локальды ойыншылардың болмауы осындай әлеуетті әріптестікті қатты шектейді.