2015 жылдың аяғында Defender жол талғамайтын көлігінің өндірісі тоқтатылады

524

Jaguar Land Rover 2015 жылдың соңында аңызға айналған Land Rover Defender жол талғамайтын көліктерінің өндірісін тоқтатпақ. Компания сейсенбі күні осы автокөліктердің шығарылуына соңғы тапсырыстарды қабылдады деп жазады Financial Times газеті.

Defender автокөліктері Ұлыбританияның Солихалл қаласындағы Lode Lane зауытында 67 жыл шығаралып келген.

Defender әсіресе жол сапасы төмен дамушы елдерде кеңінен танымал.

Алайда экологиялық нормалардың және шығарылатын зиян заттар мөлешеріне қойылатын талаптардың күшейтіліуіне байланысты Jaguar Land Rover иесі — Үндістанның Tata компаниясы Defender-ді шығарудан бас тартуға мәжбүр.

Бұл көліктің ең көп шығарылған кезеңі 1971 жылға сай келеді. Сол жылы зауыт аптасына шамамен 1,25 мың дана, яғни жылына шамамен 50 мың автокөлік шығарған.

Өткен жылы кәсіпорын осы үлгідегі тек 14 мың автокөлік жасап шығарған.

Дегенмен Defender шығарылымы тоқтатылады деген жаңалық белгілі болған соң, автокөлікке деген тапсырыстар көбейе түскен. Осы жылдың алғашқы бес айының ішінде жол талғамайтын көлікке деген тапсырыстар саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артқан.