2015 жылы мыс бағасы фунтына $3-ға көтеріледі

2015 жылы мыс бағасы фунтына $3-ға көтеріледі

Lundin Mining Corp. бас атқарушы директоры Пол Конибер осы жылы мыс бағасы фунтына 3$ жоғарылайды деп отыр.

Өткен аптада баға алты жылдағы ең төменгі көрсеткішке (фунтына 2,45$) құлдыраған болатын. Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында ол компания Candelaria кен орнында мыс өндіру көлемін ұлғайтып жатқанын, сол себепті өндірістің көбейіп, алдын ала күтілген қысқарту болмайтынын атап өтті.

Lundin Mining бұл кен орнының  80%-дық үлесін өткен жылы америкалық   Freeport-McMoRan Copper & Gold Inc. компаниясынан 1,85 млрд.долларға  сатып алған.

«Біз үнемі нарық төменгі шегіне жеткенде қаржыландырып, өзгелер кеткенде сатып алуды ұнатамыз», — деді П.Конибер.

Lundin Mining акциялары қаңтар айында мыс бағасының  төмендеуіне(13%) байланысты 21% арзандады.

Бейсенбі күні  Қытайдағы ақша-несие саясатының әлсіреу болжамына сәйкес металл бағасы соңғы 18 айда болмаған көрсеткішке жоғарылады. Лондондағы мыс бағасын белгілеу келісімдері  3,4% — ға, яғни тоннасына 5687$ өсті (фунтына 2,58$).