2015 жылы никель тапшылығы болады

411
2015 жылы никель тапшылығы болады

BNP Paribas сарапшыларының пікірінше 2015 жылы әлемде никель тапшылығы 40 мың тоннға дейін жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, сұраныс мөлшері 60 мың тоннадан асқан.

Сарапшылардың пікірінше, никельге деген сұраныс 2015 жылдың аяғына қарай тоннасына 20 мың АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Лондондағы биржаның бейсенбі күнгі қорытындысы бойынша бұл металдың тоннасы 14,705 АҚШ долларын құраған.

International Nickel Study Group компаниясының мәліметінше, әлемдік өндіріс бойынша өткен жылдың қаңтар-қараша айларында никельге деген сұраныс мөлшері 51,6 мың тоннаға жеткен.

World Bureau of Metal Statistics-тың берген бағасы бойынша, 2014 жылдың қаңтар-қараша айларында әлемдік нарықтағы никель мөлшері 169 мың тоннаға қысқарған. Ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 86 ,7 мың тоннаға жеткен.