Қазақстандықтар 123,8 млрд теңгеге қолма-қол емес төлем жасады

Фото:srxp.com

28 қараша. 2016 жыл. 7kun.kz — 2016 жыл қазан айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар 123,8 млрд теңге қолма-қол емес төлемдер жасады. Бұл өткен жылға қарағанда 63% көп. Қыркүйек айымен салыстырғанда бір айдың ішінде өсім 7,1% құраған. Бұл туралы Ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады.

Негізгі өсім — интернет-төлем секторында.  Интернет-банкинг арқылы жасалған қолма-қол емес төлем көлемі бір жылдың ішінде үш есе өскен. Былтыр бұл көрсеткіш 12,5% болса, осы жылы 25%-ға жеткен, яғни 31 млрд теңгені құраған.

Сонымен қатар, POS-терминалдар арқылы жасалған төлемдер де 48,7%-ға өсіп, 75,8 млрд теңгені көрсеткен. Жалпы, төлемдерді терминал арқылы жүргізу, бұл қолма-қол емес төлем жасаудың негізгі түрі. Бірақ бір жылдың ішінде олардың үлесі 67,1%-61,2%-ға дейін қысқарған. Ал транзакция саны 46%-ға көбейген. Тағы бір ай ішінде олардың көлемі тағы да 8,2%-ға өсіп, қазан айының қорытындысы бойынша 9,5 млн-ға жеткен.

Облыстық көлемде төлемдер ОҚО-да көбірек байқалды. Бір жыл ішінде 7,2 млрд теңгені көрсетіп, бірден 28%-ға өскен. Бұл Қазақстан бойынша барлық қолма-қол емес төлемнің – 5,8%-ы.

Ал бір жыл ішіндегі ең жоғары өсім Павлодар облысында тіркелген. 2015 жылға қарағанда үш есе өсіп, 4,3 млрд теңгені көрсеткен.

Қолма-қол емес төлем транзакциясының саны бойынша неғұрлым үлкен айлық өсім Алматы қаласында белгіленген. Өткен жылмен салыстырғанда 5,7 миллионға артты (9,7%). Бұл Қазақстан Республикасы бойынша жалпы көрсеткіштің 60%-ын құрайды.

Сонымен қатар қаржы орталығында жылдық өсім бірден 59,9% өскен.

Мөлдір ИМАНМӘДИ «7»