2016 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстан экономикасы 0,4 пайызға өсті

716

Астана. 25 қаңтар. 7kun.kz — 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасы 0,4 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

«Алдын ала берілген деректер бойынша, 9 айда тауарлар өндірісінің 0,2 және көрсетілген қызметтер өндірісінің 0,4 пайызға артуы есебінен, экономиканың өсу қарқыны ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы 0,3 пайыздан 0,4 пайызға дейін жедел қарқынмен өсті. Азық-түлікке салынатын салықтар нақты мәнде 1,8 пайызға артты. Сонымен қатар инфляциялық процестер бәсеңдеп, валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып келе жатыр, бизнестің инвестициялық белсенділігі мен елдің халықаралық резервтері өсіп келеді, сондай-ақ жұмыссыздықтың төмен деңгейі сақталуда», — деді ол.

Министрдің айтуынша, бұған экономиканы әртараптандыру жөніндегі бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру, инфрақұрылымды, кәсіпкерлікті және АӨК-ті дамыту, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар септігін тигізді.

«Экономиканың өсуіне негізгі үлесті құрылыстағы (6,9%-ға), ауыл шаруашылығындағы (4,9%-ға), көлік саласындағы (4,0%-ға) және өңдеу өнеркәсібіндегі (0,6%-ға) шығарылымның ұлғаюы қосты. Сонымен бірге, кен өндіру өнеркәсібінде 4,4 пайызға төмендеу байқалады. Бұл мұнай (4,4%-ға 56,9 млн. тоннаға дейін), көмір (6,4%-ға 70,2 млн. тоннаға дейін) және темір кенін (14,7%-ға 26,3 млн. тоннаға дейін) өндірудің қысқаруымен байланысты», — деді Бишімбаев.

Министрдің деректеріне қарағанда, өнеркәсіптің төмендеуі қаңтар-тамыз айларында 2,3 пайыздан ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша 2,0 пайызға дейін қысқарды.