2016 жылдың І жартыжылдығында «Эйр Астана» 6,6 млн доллар шығынға батты

503
Фото:newskaz.ru

Ұлттық тасымалдаушы «Эйр Астана» 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 6,6 млн доллар шығынға батты. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әуекомпанияның операциялық табысы 0,9 млн долларға дейін төмендеді. Операциялық табыс өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендеп, 275 млн долларды құрады. Компания көрсеткіштерінің құлдырауын теңге девальвациясымен және тауар бағаларының төмендеуі нәтижесінде аймақтық әуетасымалдау нарығының әлсіреуімен байланыстырды. Тасымалданған жолаушылар көлемі 7%-ға қысқарып, 1,7 млн адамды құрады.

«Аймақтағы барлық әуекомпаниялар үшін макроэкономикалық жағдайлар әлі де күрделі болып отыр. Дегенмен де, біз шығынды қысқарту арқылы және Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық транзитті ұлғайту арқылы табыстың күрт құлдырауының орнын толтырдық. Әзірге жылдың басқа бөлігі үшін жағдайдың қандай болатындығын белгісіз», — деді «Эйр Астана» басшысы Питер Фостер.

Осыған дейін Форстер бірінші жылдың қорытындысы бойынша шығын болуы мүмкін, бірақ жыл соңында тасымалдаушы пайдаға шығады деген болжам жасаған еді. 

Маусым соңында «Эйр Астана» Алматы мен Тегеран арасында рейс ашты.