2016 жылдың мамырында депозит көлемі 1,0% ұлғайды (Видео)

Фото: forbes.kz

2016 жылдың мамыр айында екінші деңгейлі банктердегі депозит көлемі 1,0%-ға ұлғайып, 16 500,6 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері өсім 3,3% болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы мамырдың соңында заңды тұлғалардың депозиттері 0,5%-ға төмендеп, 9 590,6 млрд. теңгеге дейін түссе, жеке тұлғалардың депозиттері 3,2%-ға ұлғайған.

Ұлттық валютада салынған депозиттердің көлемі 6 681,9 млрд теңгені құрап, бір айда 3,3%-ға, жыл басынан бері – 34,9%-ға өсті. Ал шетел валютасындағы салым– 9 818,7 млрд теңге. Көреткіш бір айда 0,4%-ға, жыл басынан бері – 10,9%-ға төмендеген. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 39,6%-дан 40,5%-ға дейін өсті .

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2016 жылғы мамырда 1,3%-ға ұлғайып, 4 633,8 млрд теңге болды шетел валютасындағы салымдары – 2,1%-ға төмендеді. Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері мамырда 8,1%-ға өсті және 2 048,1 млрд теңгені құрады. Шетел валютасымен салымдар 1,3%-ға өсіп, 4 861,9 млрд теңге болды.

Ал мерзімді депозиттер мамырда 12 047,4 млрд. теңгені құрап, 0,8%-ға өсті (жыл басынан бері 2,4%-ға өсті). Мерзімді депозиттер құрылымында ұлттық валютамен салымдар бір айда 5,3%-ға өссе, шетел валютасында 1,4%-ға төмендеген.