2016 жылы Халық банкінің ресурстарына кибер шабуыл жасаған жасөспірім бала екені анықталды

кибер
Фото: Turkystan.kz

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2016 жылдың қазан айында Халық банкінің ақпараттық ресурстарында кибер шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің веб-сайтында жарияланған ҰҚК деректері бойынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті қамауға алынды. Сараптама нәтижесінде, расталған дәлелдер бойынша Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматы кінәсін мойындады.

Хабарламада айтылғандай, оның жасы, қылмыстық жазасының жоқтығы, жәбірленушіге келтірілген материалдық залалды ерікті түрде өтеу, сондай-ақ  тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай күдіктінің сот алды тергеу ісі тоқтатылды.

Айта кетейік, 2016 жылдың қазан айында Қазақстан Халық банкінің ақпараттық ресурстарына хакерлік шабуылдар олардың жұмысының бұзылуына әкелді. Содан кейін ҰҚК ҚР ҚК-нің «Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату» мәселесінде 210-бап бойынша сот ісін қозғады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!