2016 жылы шағын бизнестің табысы рекорд көрсеткішке жетті

436

Астана. 17 наурыз. 7kun.kz — 2016 жылы шағын бизнестен келген табыс 2 трлн теңгені құрап, рекорд көрсеткішке жетті. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

Шағын бизнес секторы дағдарысқа төтеп бере алу деңгейі жоғары шамада екенін дәлелдеді — өткен жылы шағын кәсіпорындар кіріс көлемін арттырып қана қоймай, пайда кірсеткіштерін де біраз еселеген.

2016 жылы шағын кәсіпорындар 2 трлн теңге таза табыс тапқан (салыққа дейін). Бұл — шығын көп болған 2015 жылмен салыстырғанда артық қана емес, 2010 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 

Естеріңізде болса, 2015 жылы сектор 174 млрд теңге шығынға ұшыраған еді.

Пайданың көбі қызметтер мен тауарды сату есебінен түскен — 2016 жылы оның көлемі 19 трлн теңгені құраған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 5,3 трлн теңгеге (+39) көп.