2016 жылы Қытайда 168 мың қаржы қылмысы анықталған

288

АЛМАТЫ. 16 сәуір. 7kun.kz — Қытайдың құқық қорғау органдары 2016 жылы қаржы қылмысына қатысты бірқатар арнайы оперциялар жүргізді, деп хабарлайды елдің қоғамдық қауіпсіздік министрлігі.

Оның нәтижесінде 168 мың іс ашылып, мемлекет қазынасына 35,6 млрд юань ($5,2 млрд) қайтарылған.

Кең таралған қаржы қылмыстарына заңсыз ақша жинау, қаржы пирамидалары, құнды қағаздар мен дериветивтермен алаяқтық жасау, жалған ақша жасау, банк карталармен алаяқтық жасау, заңсыз ақша бопсалау жатады.

2016 жылы тек  кредиттік картамен байланысты 63 мың қылмыс жасалған.

Дінмұхаммед Алдаберген