2016 жылы қызметкерлерді қысқарту азайған

Фото: bestmlm.ru

2016 жылы Қазақстанның топ-менеджерлер сегментіндегі еңбек нарығының жағдайы тұрақталған. Antal Kazakhstan рекрутингтік компаниясының жүргізген сауалнамасының нәтижесі бойынша, 2015 жылмен салыстырғанда биыл жетекшілердің жалақысы өскен және қазақстандық немесе халықаралық компанияларда қызметкерлерді қысқарту үрдісі азайған.

«Зерттеуге орта және жоғарғы лауазымдағы компаниялардың 1000-ға жуық менеджерлері мен мамандары қатысты. Олардың арасында топ-менеджерлердің үлесі 26%. Жоғарғы позициядағы қызметкерлер еңбек нарығындағы жағдайды басқаша бағалайды. Сондай-ақ, жетекшілердің іс-әрекетіне қатысты жаңа трендтер пайда болады. Олар жұмыс орнын ауыстыру деген мәселеге сақтықпен қарайды», — дейді Antal Kazakhstan-ның директоры Анна Ковинская.

Forbes Kazakhstan агенттігінің жазуынша, жоғарғы дәрежедегі жетекшілер қарапайым мамандарға қарағанда лауазымы жоғары жұмыстарды іздейді екен. Алайда өткен жылмен салыстырғанда  жарты жылда немесе аз ғана мерзімде жұмыс тапқандардың саны қысқара бастаған.

1Жұмысты ауыстыру жоспары

«Жұмысты ауыстырғысы келмейтін респонденттердің үлесі өзгермеген. Биыл да 41%-ды құрады. Сондай-ақ, сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, жұмыс іздеп жүрген респонденттер саны қысқарған. Бұдан қазіргі кезе жағдайдың тұрақталғанын байқауға болады», — дейді Ковинская.

Бұдан бөлек, топ-менеджерлер жұмысты ауыстыруға байланысты консерваторлы жауап берген. Олардың әрбір екіншісі жұмыс іздеп жатқан жоқ, тіпті жұмысты іздеу мүмкіндігін қарастырмайды. Сондай-ақ, жоғарғы дәрежедегі қызметкерлер дағдарыс өздерінің карьерасына әсер етпегенін және бір жоспар бойынша жұмысты жалғастыра беретіндерін айтады.

%d1%81%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%baЖұмысты  таңдаудағы талаптар

Жаңа жұмысқа ауысу себептері лауазымға байланысты әртүрлі. Мысалы топ-менеджерлер басқа мамандарға қарағанда жұмысты жаңа тапсырмаларға байланысты немесе міндеттердің көп болуына байланысты ауыстырады. Ал орта дәрежедегі менеджерлер жұмысты жоғарғы жалақы және карьераға байланысты байланысты таңдайды. Жай ғана мамандар болса көбіне жұмыстың тартымдылығына, жақсы ресми жалақы алу, офистің орналасқан жері деген сияқты талаптарға назар аударады.

«Өткен жылы жұмыстарын ауыстырған барлық деңгейдегі қызметкерлердің негізгі талабы — жалақының жоғары болуы болған. Ал биыл жұмыс іздеушілердің талабы өзгерген. Олар көбіне тұрақты жалақы және компанияның брендке айналуына байланысты  жұмыстарын ауыстырған», — дейді Ковинская.

Жалақы өсімі

Antal Kazakhstan-ның жүргізген сауалнамасына жауап берген респонденттердің 47%-ы  осы жылы жалақыларының  5%-ға өскенін айтқан. Ал 41%-ның жалақысы өзгермесе, 12%-ның жалақысы азайған. 

Сондай-ақ, топ-менеджерлер өзінің өтемақы пакеті аясында бонус алады. Бұл үрдіс биылғы жылы да жалғасты. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің  52%-бонусқа ие болған. Ал қалған респонденттерге бонус өтемақы пакетіне кірмейтін болғандықтан берілмеген.рошенных достались бонусы.

3