Басты бетке Жаңалықтар ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанда визасыз 30 күн жүре алады

ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанда визасыз 30 күн жүре алады

439

Астана. 29 қазан. 7kun.kz — ҚР СІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірге шетелдіктердің Қазақстанға келу жағдайын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ведомстводағы брифинг барысында.

 «2017 жылдың  1 қаңтарынан бастап Монако, Малайзия, Сингапур және БАӘ  қоса алғанда, ЭЫДҰ мен ЕАЭО-ның барлық  елдері 30 күнге дейін визасыз режимге ие болады, осылайша біз инвестициялық  ахуалды жақсартуға тырысып жатырмыз. Сондай-ақ, біз шетелдік азаматтарды Қазақстанда тіркеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлеміз. Шетелдіктер Қазақстанда өзін ыңғайлы сезінуі үшін режимді жеңілдету бойынша арнайы шараларды енгіздік, әрине, ескеретін жеке жағдайлар да бар», — деді Е. Ыдырысов.

Министр сондай-ақ ел басшылығы шетелдік мамандарды тартудың қолайлы либералдық көші-қон режимін жасау мәселелеріне ерекше назар аударатынын айтты.

Осылайша, министрдің айтуынша, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі және ҚР Премьер-Министрі жанындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кеңес аясында  ауқымды жұмыс жүргізілуде.