2017 жылы Алматыға 639 млрд инвестиция тартылған

көлемі
Фото: techpulse.be

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — 2017 жылы инвестиция көлемі 639,9 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік байланыс қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдегі негізгі капиталға инвестиция құюда Алматы қаласының үлесі 7,3 пайызды құрады.

«Инвестициялардың басым бөлігін жеке меншік инвестициялар (76 пайыз немесе 486,4 млрд теңге) құрайды.  Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың өсуі көтерме және бөлшек сауда сияқты салаларда дамыды: вагондарды және мотоциклдерді жөндеу — 110,7 пайыз (үлесі — 13,6 пайыз); көлік және қоймалау — 163,8 пайыз (үлесі — 13,6 пайыз), білім беру — 171,4 пайыз (үлесі — 4,8 пайыз), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер — 260,1 пайыз (үлесі — 3,3 пйаыз)», — деді спикер.

Статистика бойынша 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 800,5 млрд теңгені құрады. 2016 жылғы тиісті кезеңдегі көлем индексі 103,3 пайызды құраған болатын.

Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 76,4 пайызды құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау секторының үлесі — 20,5 пайыз, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлу — 3,1 пайыз болды.

«Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім (102,8 пайыз), негізінен, азық-түлік тауарларын өндіру көлемі 2,2 пайыз (26 пайыз), сусындар 19 пайыз (6,1 пайыз), қағаз және қағаз өнімдер 22,5 пайыз (1,9 пайыз), металлургия өнеркәсібі 13,8 пайызды (8,4 пайызды) құрады», — деді Бағлан Қарғұлов.

Сонымен бірге, Алматы қаласында өндірілген және өңделген өнімдердің үлесі республикалық көлемде: шәй және кофе — 85,4 пайыз, компьютерлер — 82,6 пайыз, кондитерлік өнімдер — 61,6 пайыз, аяқ киім — 43,8 пайыз болды.

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылдың 12 айында 314,3 млрд теңгені құрағаны анықталды. Бұл 2016 жылға қарағанда 3 пайызға артық.

2017 жылы қаңтар-желтоқсан аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1902,3 мың шаршы метрді  немесе 102,1 пайызды (оның ішінде, жеке құрылыс салушылардан 447,8 мың шаршы метр немесе 52,8 пайыз) құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!