2017 жылы Алматы облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 700 млрд теңгеден асады

632
Алматы

Талдықорған. 1 қараша. 7kun.kz — Алматы облысында 2017 жылдың 9 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,3 пайызға артты. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде 1800 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 20-сы Трансұлттық компаниялардың, әлемдік брендтерді жасаушылардың қатысуымен жұмыс істейді. Барлық өнеркәсіп өнімдерінің үштен бірін осылар өндіріп отыр.

Олардың қатарында «Кока-Кола», «Данон», «РДжи Брэндс», «Филип Моррис», «Кнауф», «Тикурилла» сияқты танымал іргелі компаниялар бар.

Жалпы бүгінгі күні өңдеу секторының үлесі 85 пайызға жетіп, еліміз бойынша жоғары көрсеткішке ие болып отыр.