2017 жылы Қазақстан ЕАЭО елдеріне экспортты ұлғайтты

Фото: inform.kz

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz — 2017 жылы Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 40 пайызға ұлғайып, 1,2 млрд долларды құрады. Әсіресе Ресеймен сауда белсенді дамып келеді.

2017 жылы ЕАЭО елдеріне экспортталып жатқан негізгі тауар – металл прокаты. Сату көлемі 256,2 млн доллар болды.

2017 жылдың бірінші тоқсанында ҚР экспорты өткен жылға қарағанда 30 пайызға артып, 10,8 млрд долларды көрсетті.

Жалпы ЕАЭО елдеріне экспортталатын тауар 1,2 млрд (өсім — 39,2%) болды. Оның ішінде 1 млрд доллары Ресейдің үлесінде, осы жылдың бірінші тоқсанындағы Ресейге экспорт өсімі 36 пайызды құрады.

Қырғыстанға тауар тасымалы 44 пайызға өсті (97,5 млн доллар).

Арменияға экспорт 15 пайызға артты, алайда жалпы сома тек 165 мың доллар болды. Ал Беларусьқа тасымалданатын тауар көлемі 7 есе өсіп, 23,3 млн долларды құраған.

Мұндай тез өсім минералдар (73%) мен металлдар (140%) экспортының өсіміне де әсер етті.

Жалпы құрылымда жоғарыда аталған тауарлардың үлесі ЕАЭО елдері экспортының 65 пайызын құрады.