2017 жылы Халық банктің таза табысы 173,3 млрд теңгені құрады

338
Халық
Фото: Sputniknews.kz

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz — Халық банктің өткен жылғы табысы 32 пайызға өсіп, 173,3 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы 2017 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында белгілі болды.

2016 жылы Халық банктің таза табысы 131,4 млрд теңгені құраған. Өткен жылы бұл көрсеткіш +31,9 пайызға ұлғайған. Қазкоммерцбанкпен бірігуінің арқасында банктің активтері 65,6 пайызға өскен.

Пайыздық кіріс көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 52 пайызға артса, пайыздық шығындардың көрсеткіші 60,6 пайызға жетті. Ал қызмет көрсету және комиссия бойынша кіріс көлемі 51,9 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштің артуына Қазкоммерцбанкпен бірігуі себеп дейді қаржы институтындағылар.

Еске сала кетейік, Халық банк пен Қазкоммерцбанк 2017 жылы біріккен еді. Банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, бірігуден кейін олар банк нарығының 34 пайызына ие болған.