2017 жылы проблемалы несиелер көлемі өзгеріссіз қалды

Фото: and.kz

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz — Банктер берілген кредиттер бойынша кешіктірілген қарыздар мөлшерін бірқалыпты ұстап отыр. 2017 жылы төленбеген қарыздар сомасында айтарлықтай өзгеріс болмаған. Бір жыл ішінде еліміздегі мерзімінен кешіктірілген кредиттер көлемі 969,4 млрд теңгені құрады деп жазады Ranking.kz.

Осы жылдың басынан бастап банктердің қарыз портфельдерінің сапасы төмендеген. 2017 жылдың қаңтар айында мерзімінен кешіктірілген қарыздар көлемі 5,9 млрд теңгеге өскен (0,6%). Ал 2016 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 49,6 млрд құраған (5,4%).

Осы жылдың қаңтар айында портфельдегі төлем уақытынан өтіп кеткен қарыздар үлесі 7,5 пайыздан 7,7 пайызға жоғарылаған. Бұл тұрғыдағы ең төменгі көрсеткіш өңдеуші өнеркәсіпте – 62,4 млрд теңге (24,9%). Бөлшектік және бөліп төлейтін сауда саласында мерзімінен кешіктірілген кредиттер 3,6 пайызға азайып, 203,7 млрд теңгені құраған. Ал тау-кен өнеркәсібіндегі төлемдер 1,6 пайызға (45 млрд теңге) төмендеген. Басқа салаларда мерзімінен кешіктірілген төлемдер керісінше өскен. Ең көп өсіп байқалған салалар ол – құрылыста 112,1 млрд теңге (7,0%) және өндірістік емес секторлар – 421,8 млрд теңге (6,6%).

Бір жыл ішіндегі ең көп мөлшерде проблемалы кредиттерінен құтылған банктер – Заман Банк – 96,1 пайыз, AsiaCredit — 57,4% және Altyn Bank — 47,7%.

Жалпы мерзімінен кешіктірілген 33 банктің он бесінде проблемалы несиелер үлесі төмендеген.