ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1Экономика

2018 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 104,8 пайызды құрады

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Оның айтуынша, 2018 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 104,8%-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 104,9%, өңдеу өнеркәсібі 105,1%. Еліміздің 14 өңірінде өнеркәсіп өнім көлемі өскен.

«Темір кенін өндіру көлемі 7,5%-ға өсіп, түсті рудалардың көлемі 102,9%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді және бірқатар салаларда өсім байқалуда. Атап айтқанда, машина жасау саласында 14,5%, химия өнеркәсібінде 8,2%-ға, жиһаз өндіруде 5,1%, қағаз 9,2 %-ға, резеңке және пластмасс бұйымдары 2,3%-ға өскен», — деп атап өтті Роман Скляр.

Көлік кешенінде 9 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 104,6% құрады . Өсім қарқынының аздап төмендегені байқалады.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 104,4%-ды құрады.14 облыста оң серпін бар.

«9 айдың қорытындысы бойынша 8,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспары 73%-ға орындалды. Жалпы республика бойынша 77 099 бірлік баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 30 383  — жеке тұрғын үй бар. Тұрғын үйлерді тапсыру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 15 өңірінде жалғасуда», — деді ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

Жалпы, 2018 жылдың соңында министрлік жетекшілік ететін барлық салалар бойынша нақты көлем индексінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланып отыр.

Tags

Осы айдарда

Close