2018 жылы Aport Mall Қазақстандағы ең ірі сауда орталығына айналады – Дмитрий Ревин

164

2018 жылдың көктемінде Алматының батысында, Райымбек даңғылы бойында Апорттың 3 құрылыс кезегі ашылып, қаланың шығысында, Құлжа тас жолы бағытында екінші Апорттың моллының құрылысы басталады. Апорт  қонақтарының көңілінен  шығып келеді. Апортқа “халық моллы” атағы қалай берілді, Апортта қандай өзгерістер бар, осы туралы Eurasia RED компаниясының атқарушы директоры Дмитрий Ревинмен сұхбаттасқан едік.

-Дмитрий, Апорт 8 жылдық туған күнін атап өтті. Алайда   Апорт жайлы білмейтін адамдар бар деп есептейік, Апортты бірнеше сөзбен сипаттап өтсеңіз.

-Алғашқы, ең ірі, сүйікті, Қазақстанның халық молы. Түсіндіріп өтейін. Біз International Council of Shopping Centers (icsc.org) халықаралық ұйымының шарттарына сәйкес Қазақстанда алғаш рет «супераумақаралық моллды» салдық. Осы жоба үшін Bloomberg Television мен International Property Awards – тан «Қазақстанның үздік сауда орны» марапатын ұтып алдық.

Ең ірі деуіміздің себебі Үшінші құрылыс жобасының ашылуымен Апорт молының аумағы 210 000 шаршы метрді құрайтын болады.

Сүйікті және халық молы деп атауымыздың себебі:  Апортқа келуші қонақ саны 2009 жылдан бері 3,5 есеге көбейіп 10 миллионға жетті.

-Құрылыстың әр кезегінің ашылуымен сіздерде Апорттың өтімділік көрсеткіштері өсіп отырады. Жыл сайын Апорт молына қанша миллион адам келеді және келешекке деген болжамдарыңыз қандай?

-2009 жылы Апорттың алғашқы құрылысының ашылуымен бізге жылына 3 миллионнан астам қонақ келді, 2012 жылы екінші құрылыс кезегінің ашылуында Апортқа 6,5 миллион адам келді. 2016 жылы бізді 9 миллион адам таңдаған, ал 3 кезектің ашылуымен Апортқа жылына 12 миллион адам келеді деп жоспарлап отырмыз.

2020 жылы Апортқа 15 миллион қонақ келеді деп күтудеміз. Оған қоса біздің жалға алушылар шаршы метрге шаққанда сатылу мөлшерінің арттыруын да жоспарлап отырмыз.

Апортқа келетін сүйікті қонақтарымыздың санын білу үшін 3D саласындағы үздік есептегіштерді қолданамыз.  ICSC ережесі бойынша адамдарды санағанда бойы 135 см – ден төмен балаларды есептемейміз. Бойы 135 см –ден төмен балалар саны қонақтарымыздың 30 % құрайды.

-Сіздердің қонақтарыңыздың бейнесін сипаттап берсеңіз

-Балалары бар жас отбасылар. Алматы қаласының (60%), Алматы облысының (40%) Апортқа келеді. Статистикаға сүйенсек, біздің қаламыздың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі адамдар. Не себепті олар бізді таңдайды? Өйткені Апорт тек шопинг қана емес, отбасымен бірге бос уақытты қызықты әрі пайдалы етіп өткізетін демалыс орны.

Апорт молының сәттілігінің құпиясы неде?

-Апорт молының сәттілігінің басты себебін қонақтарымыздың бізге деген ыстық ықыласы мен махаббатымен байланыстырамын. Алматылықтар мен облыс тұрғындарының Апортты «біздің молл» деп атайтыны қуантады. Осы атағымыз бізге бірден келген жоқ, ешбір пиар кампаниясыз өздіген келді. Өткен жылдарға көз салсақ біздің ұжымның 10 жыл ішінде осындай нәтижеге қол жеткізгеніне сене алар емеспін. Біз бірнеше девальвация мен кризисті бастан кешірдік. Бірақ еш қиындыққа мойымай өз бағытымызбен нық жүріп келеміз.

Әрбір сәттіліктің стратегиясында – дұрыс ереже-тұжырымдама-берік ұстаным бар. Апортта ол аз бағаға керемет сапа ұсынуында жатыр.

2009 жылдары біз ең қолайлы формат – түрік және ресейлік ритейлерінің масс маркетін таңдадық. Бұл дегеніңіз баға мен сапаның керемет үйлесімі. Дәл осы ұстаным бізге 3 девальвацияны аман есен бастан кешіріп ары қарай дамуымызға үлесін қосты.

 Біз алғашқы болып Қазақстан нарығына 50 ден астам жаңа брендтерді әкелдік. Олардың ең   ірілеріне сауда аумағымыздың үлкен бөлігін бөліп бердік. Мысалы, Алматыда алғаш рет дәл Апорт молында   Terranova, O’stin, LCWAIKIKI, KOTON, KARI, DEFACTO, ТВОЕ, FLO, MINISO, Детский мир, Спортмастер, Sman, Glasman, Kari Kids секілді халықтың сүйікті брендтері ашылды. Аталмыш брендтердің Апортта алғашқы боп ашылуының себебі  біз жалға алушыларға серіктес ретінде қараймыз. Біз Қазақстанда алғашқы болып тауар айналымының пайызды үстемесінің минималды нақты белгіленген төлемін енгіздік.

Біз қонақтарымызға тек шопинг қана емес, сонымен бірге ойын – сауық, бір бірімен қатынасу және мәдени мұрамызды, алуан түрлі мерекелік шараларды ұсынамыз. Сол себепті 2012 жылдан бері Апорт «өмір сүру ережесі» форматына ден қойып, адамдардың жақсы уақыт өткізуіне үлкен мән беріп келеміз.

Мысалы, Hawaii (Hawaii.kz)  – Апорт молының демалыс, спорттық, денсаулықты жақсартатын бірден бір орталығы, оның қарамағында фитнес орталық пен спа, мейрамхана мен аквабақ бар.

Айта кететін бір жайт,  «Funky Town» (www.funkytown.kz) отбасылық ойын сауықтыру бағы ТМД елдері бойынша «Ең үздік отбасылық ойын-сауық бағы» аталымында «Золотой пони» марапатын иеленген. Және ол өзінің алғашқы бағын дәл осы Апорт молында ашты.

NEXT (next.kz) ойын-сауық орталығы – технологиялық виртуалды ойын орталығымен қоса жасөспірімдердің қалыптасуына үлес қосатын орын.

-2018 жылдың көктемінде сіздер Апорт молының үшінші құрылыс кезегін ашасыздар. Қандай жаңалықтарыңыз бар?

-Үшінші құрылыс кезегін  2017 жылдың көктемінен Халық банкінің қолдауымен бастадық. 2009 -2012 жылдарында ашылған Апортымызда  жаңа арендаторлар, ойын-сауық форматтары үшін қосымша орындар және 2000 тегін көлік орындарының жетпеуіне байланысты Апорт молын кеңейттік. Енді Апорт 210 мың шаршы метрге дейін кеңейіп, 5000 көлікке тегін автотұрақ ашылады.

Жаңа Апортта Hawaii аквабағы 30 000 шаршы метрге дейін, яғни 2 есеге үлкейеді. Жаңа қосылған аквабақтың аты – Miami болады.  Көлемі 2000 шаршы метр болатын толқынды теңіз пайда болады.  Тән мен жанды сауықтыратын көлемі 2000 шаршы метр болатын Римдік терма, жапондық джакузи, үлкен түрік хамамы бар жаңа спа орталық ашылады.

Биіктігі 12 метр болатын 4000 шаршы метр аумағында  Funky World ойын – сауық бағы ашылады. Итальяндық пьяцца алаңындағыдай дұрыс тамақтану мейрамханалары бой көтереді. Қазақстанда алғаш рет жаңа гипермаркеттер мен жаңа брендтер  Апорт молында ашылады.

Апорт молына іргелес Халықаралық Leroy Merlin бренді бой көтеріп келе жатыр.  Leroy Merlin  – үйге арналған тауарлар және құрылыс материалдарын сататын дүкендер желісі.

Сатып ал да сыйлық ал!

Біз өз қонақтарымызды жақсы көреміз, сол себепті біз 1,5 жылдан бері 15 000 теңгеден астам сауда жасаған әр қонағымызға Hawaii аквабағына күні бойына тегін балалар билетін, Hawaii Fitness-ке бүкіл отбасына 1 реттік абонементтер, Funky Town бағына 3 аттракцион тегін, NEXT орталығына 30 минут тегін ойын сыйлап келеміз. Айта кететін жайт, бұл 1 реттік ұтыс ойыны емес, Апорт молында сауда жасаған жандар үшін біздің алғысымыз ретінде күнделікті сыйлап отырамыз.

Hawaii аквабағында 4 жылдан бері Алматы және Алматы облысының мектептерінде оқитын озат оқушыларға арнап аквабаққа  тегін кіруге мүмкіндік беретін сертификат сыйлап келеміз. Сонымен қатар әр туған күн иесі  Hawaii аквабағына тегін кіріп десертті сыйлыққа алады.

Бұл науқандарды халыққа сыйлауымыздың себебінде біздің топтың әлемдік лидер Джон Шоулдың «Бірінші санатты қызмет көрсету» бағдарламасы жатыр. Біз бұл бағдарламаны 2 жыл бойы қызметкерлерімізге оқытып келеміз.

Апорттың маңында  ықшамаудандар бой көтеріп келеді. Олардың қарқынды дамуына Апорттың үлесі бар шығар.  

-Дұрыс айтасыз. Апорт бұл аумақтың қарқынды дамуына зор үлесін қосып келеді.  10 жыл бұрын бұл жерде  жазық дала болған дегенге сену қиын, ал қазір Апорттан 1,5 километр қашықтықта миллион шаршы метрден асатын Қазақстанның құрылыс компаниялары үй салып жатыр, дәлірек айтқанда Алматы қаласының жаңа Наурызбай ауданы салынып жатыр.

Апорт молында  3500 адам жұмыс істейді, ал үшінші кезек ашылған соң 5000 адамды жұмыспен қамтитын боламыз.

Мемлекеттік органдардың қолдауымен Райымбек даңғылы бойынша көлікпен қатынау  мәселесі оңтайлы шешімін тауып келеді. Мәселен, 2007 жылы Райымбек-Саинадан Апортқа дейін 3 сағат кептелісте тұрсақ, 2017 жылы кешкі уақытта 30 минутта жетуге болады, алдағы жылдарда  бұл проблема да шешілетін болады. Трассаны 10 жол етіп кеңейту  және жаяу жүргінші жолдары мен жол айрықтарын салу жоспарда тұр.

2018 жылдан не күтесіз?

-2018 жыл біз үшін өте маңызды, өйткені көктемде Апорт молының үшінші кезегін салтанаты түрде ашамыз және қаланың шығысы Құлжа тас жолы бойында «супераумақаралық» екінші Апорт молының құрылыс жұмыстарын бастаймыз.

«Апорт» – көптеген адамдар үшін өмір сүру стиліне айналды. Осының бәрі біздің топтың Алматы және Алматы облысының тұрғындары үшін 21 ғасыр стандарттары мен жаңа инфрақұрылымын енгізуінің арқасында деп ойлаймын.

-Сіздерді еліміздің ең ірі Апорт молында күтеміз!

Сұхбаттасқан Алма Зикен

www.aport.kz

312 13 13