2018 жылы экспаттардың тұрмысы үшін ең қымбат қала Гонконг болды

145
гонконг экспат ең қымбат
Фото: fregataero.ru

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Штелдік мамандардың түрлі қалаларда өмір сүруі үшін қанша қаражат жұмсайтынын зерттейтін Mercer аналитикалық компаниясы 2018 жылдың ең қымбат қалалар тізімін жариялады. Бұл тізімді Mercer экспаттардың тұрғын үй, жол, азық-түлік, киім, тұрмыстық тауарлады ескере отырып жасады. 

Рейтингті азиялық мегаполистер бастады: бірінші орында — Гонконг, екінші — Токио, өмір сүру үшін ең қымбат қалалардың үштігіне еуропалық Цюрих қаласы да кірді. Тағы бір швейцарлық қала алғашқы ондыққа енді: оныншы орында Берн.

Экспаттар үшін америкалық ең қымбат қала Нью-Йорк, ол тізімнің 13-орнында. Ал ресейлік Мәскеу рейтингтің 17-орынын иеленген. Онымен қоса, Ресейдің Санкт-Петербург қадасы да 49 болып тізімге кірді.

Эспаттардың тұрмыс құны үшін ең арзан қала Ташкент болды. Mercer сарапшылары рейтинг құруда барлығы 209 қаланы зерттеді. 

ТОП-10 қала тізімі:

  1. Гонконг (Гонконгтың арнайы әкімшілік аймағы).
  2. Токио (Жапония).
  3. Цюрих (Швейцария).
  4. Сингапур.
  5. Сеул (Оңтүстік Корея).
  6. Луанда (Ангола).
  7. Шанхай (Қытай).
  8. Нджамена (Чад).
  9. Пекин (Қытай).
  10. Берн (Швейцария).

2017 жылы рейтинг тізімі өзгеше боды. Бірінші орныда азық-түлік пен қауіпсіздігінің қымбатшылығына байланысты Анголаның астанасы Луанда иеленді. 2018 жылы ол алтыншы орынға түсті. Өткен жылы екінші орында — Гонконг, үшінші — Токио, Нью-Йорк тоғызыншы болды. Ал Мәскеу мен Санкт-Петербург жоғарырақ орналасқан еді (13 және 35 орындарда).