2018 жылы онлайн-кредит нарығы қарқынды түрде дамиды

кредит
Фото: money.bg

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — 2017 жылы Қазақстанда кредитті онлайн рәсімдеу 200−300 пайыз немесе 100 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Kapital.kz-ке Қазақстандық «ФинТех» қауымдастығының атқарушы директоры Ерлан Смайлов айтты.

«Егер онлайн-кредиттендіру нарығындағы шарттар өзгермесе, яғни реттелмесе және ары қарай ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жұмыс істеуді жалғастырса, 2018 жылы берілген кредит бойынша да, шарттар саны бойынша да өсім 200−300 пайыз құрауы мүмкін», -дейді Ерлан Смайлов.

Оның айтуынша нарық 2014 жылдан бері өсім көрсетіп отыр. Бірінші кредит бюросының мәліметінше 2015 жылы Қазақстанда берілген онлайн кредит көлемі 2,5 млрд теңге, 2016 жылы 8,9 млрд теңгені құраған. 2017 жылдың 9 айында ғана займдар көлемі 22 млрд теңге болған. Өткен жылы онлайн рәсімделген кредит көлемі шамамен 30 млрд теңгеден асады. «2018 жылы бұл көрсеткіш 70-100 млрд теңгеге жетуі мүмкін», дейді Смайылов. Өсімге жастардың барлық затты интернет арқылы алуға тырысатыны мен аймақтарда смартфон қолданушылар санының артуы яғни технологиялық фактор себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының қабылдануы да өз кезегінде әсер етуі мүмкін.