2018 жылы Қазақстан экономикасына 11 трлн теңге инвестиция салынды

инвестиция
Фото: knia.ru

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz — 2018 жылы Қазақстан экономикасына 11,179 трлн теңге инвестиция түсті, бұл 2017 жылғы деңгейден 17,5%-ға жоғары. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті дайындаған негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есепте айтылған.

Машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, құралдарды сатып алуға және оларды күрделі жөндеуге 3,6 трлн теңге бағытталды, бұл 2017 жылға қарағанда 14,9%-ға артық.

Инвестициялардың басым салалары тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу (40,2%), көлік және қоймалау (13%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (12,6%) және өңдеу өнеркәсібі (11,1%) болды.