2018 жылы қазақстандықтар 496,6 млрд теңгеге автокөлік сатып алды

Фото: ERNUR.KZ

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы қазақстандықтар жаңа жеңіл автокөліктерді сатып алуға 496,6 млрд теңге жұмсады.  Бұл 2017 жылға қарағанда 35,8% артық, деп хабарлайды «ҚазАвтоПром».

Өткен жылы Қазақстандағы ресми дилерлер 57919 автокөлік сатты, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24,9% жоғары.

Ведомствоның хабарлауынша, 2018 жылғы желтоқсандағы сатылымдар (5 452 бірлік) 2017 жылғы көрсеткіштен 16,5% артық. Нарық құнының бір айдағы көлемі 19,4% -ға өсіп, 47,4 млрд теңгеге жетті. Есептік кезеңде сатылымдар санынан 29 612 жеңіл автомобиль (51,1%) импортқа тиесілі болды, 28 307 тапсырыс беруші (48,9%) қазақстандық автоөнеркәсіп өнімдерін таңдады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ең танымал қазақстандық брендтердің рейтингісін «Лада» басқарады: елімізде ресейлік брендтің 13 1313 автокөлігі сатылды. Toyota модельдерін сату көлемі 12 278 бірлікті құрап, екінші нәтижені көрсетті. Үшінші орында — Hyundai маркалы автокөлігі. Республикада осы марканың 8 721 автомобилі сатылған.

ТОП-10 қатарына KIA, GAZ, Nissan, Renault, Ravon, Volkswagen және UAZ маркалары кірді.

Жеңіл модельдер рейтингінде Toyota Camry (4 761 бірлік), Lada 4×4 (3 468 бірлік) және Lada Granta (3 428 Бірлік) көш бастап тұр. ТОП-5 модельді  Lada Vesta (2 955 бірлік) және Hyundai Tucson (2 697 бірлік) қорытындылайды.

Қазақстан нарығындағы ең ірі дилерлік топ мәртебесі «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» холдингісіне тиесілі. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша жаңа жеңіл көліктерді сатып алушылардың 31,5%-ы  осы топтың ұсыныстарын таңдады. «Астана Моторс КМК» АҚ-ның сатылымы нарықтың 22,8%-н құрады. Қазақстандық авторетейлдің ең көрнекті ондығына Вираж, Toyota City Алматы, Allur Auto, Mercur Auto, Тойота Центр Жетысу, Aster Auto, Автомир және Тойота Центр Атырау кірді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, Алматы (15 524 сатылған автокөлік), Астана (10 438 Бірлік), Атырау (4 285 бірлік), Шымкент (3 775 бірлік), Қарағанды (3 575 бірлік), Қостанай (3 514 бірлік), Орал (2 574 бірлік), Өскемен (2 412 бірлік), Ақтау (2 328 бірлік) және Ақтөбе (2 144 бірлік) қалаларының тұрғындары жеңіл автомобильдерді сатып алуда негізгі белсенділікті көрсетті.