2018 жылы қазақстандықтар онлайн-сатып алуға қанша ақша жұмсады?

715
2018
Фото: rau.ua

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылы қазақстандықтардың онлайн-сатып алуларының орташа  чегі 56 АҚШ долларын құрады. Мұндай деректерді 7kun.kz тілшісіне рicodi.com сарапшылары айтты.

Picodi.com әлемнің 41 еліндегі интернет-дүкендермен серіктес ресурс. Олар түрлі акция, купон, промокод ұсынумен қатар онлайн нарықты зерттеп отырады. Жақында ресурс сарапшылары 2018 жылы Қазақстандағы интернет қолданушылар жасаған транзакцияларды зерттеген. Олар қандай құрылғылардан жиі сатып алды, бір жыл ішінде орташа чек қалай өзгерді және сатып алу белсенділігі қай уақытқа болды деген сұрақтарға жауап іздепті.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, онлайн сатып алу кезінде планшет пайдаланушылардың орташа чегі — 23 000 теңге, компьютер — 22 000 теңге, ал смартфон қолданатындар — 20 000 теңге болған. Android операциялық жүйесі арқылы сатып алудың орташа сомасы iOS-қа қарағанда 4000 теңгеге аз.

Қазақстанда онлайн-сатып алудың басым саны әлі де компьютермен (60%) жасалады. Смартфондар арқылы (37%) сатып алу екі есе аз, ал планшеттердің үлесі — 3%.

Елімізде онлайн-сауданың 62%-ын әйелдер, 38%-ын еркектер жасайды.

Интернет транзакцияларды 25-34 жас аралғындағы азаматтар жиі қолданады. Олардың үлесіне жалпы тарнзакциялардың — 47%-ы тиесілі. Онлайн-сауда жасайтындардың 7%-ын 55 жастан асқан адамдар құрайды, 9%-ы — 45-54 жас тобы, 18%-ы — 35-44 жастағы сатып алушылар, 19%-ы — 18-24 жас аралығындағы азаматтар.

Сарапшылардың зерттеуінше, 2018 жылы Қазақстандағы ең жоғарғы орташа чек қыркүйек айында болды. Бұл уақытта сауда көлемі 38 000 теңгеден асты. Ал ең төменгі чек желтоқсанда тіркелді — 10 178 теңге.

Зерттеуде сатып алушылардың белсендігі қараша айында жоғары болғаны көрсетілген. Ал қаңтарда интернет транзакциялардың саны азайған.

Қазақстандық «шопоголиктер» арасындағы аптаның ең белсенді күні — жұма (компьютерлерден) және бейсенбі мен жексенбі (мобильді құрылғылардан). Ал барлық сатып алудың 9%-ы тамақтан кейінгі уақытта жасалады(14:00-ден 16:00-ге дейін), кешке қарай тұтыну белсенділігі төмендейді, бірақ түнге жақын өседі.

Интернет арқылы тапсырыс берілетін ең танымал санаттар: тұрмыстық техника және электроника, киім және аяқ киім, косметика, сондай-ақ балаларға арналған тауарлар.

Айта кетейік, Қазақстанда онлайн сауда қарқыны дамып келеді. Елде 2018-2020 жылдарға арналған Электронды сауданы дамытудың жол картасы жүзеге асуда.