2018 жылы жалпы ішкі өнімнің өсуі 4% болды

19
ЖІӨ
Фото: minsknews.by

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz —  2018 жылдың  қорытындысында экономиканың өсуі алдын-ала деректер бойынша 4,1 %-ды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

«Алдын-ала деректер бойынша, ЖІӨ өсуі 2018 жылы 4,1%-ті құрады» , — делінген хабарламада.

«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңдағы түзетулерде 2018 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,8% деңгейінде белгіленді. Алайда, Тимур Сүлейменов «қалаған нәтиже 4%», — деп бірнеше рет хабарлады.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстанның ЖІӨ 4% — ға өсті.