2019 жылдың қорытындысы бойынша «Самрұқ-Қазына» сыртқы қарызын 650 млн долларға азайтады

42
Самұрық-Қазына
Фото: sk.kz

Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы қарыздың 650 млн долларға төмендеуін күтеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың тапсырмасы бойынша әзірленген Қордың қаржылық тұрақтылығын жақсарту шаралары аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының сыртқы қарызының 650 млн долларға төмендеуі күтіліп отыр», — делінген хабарламада.

Сыртқы борыштың төмендеуі «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ 780 млн долларға еурооблигацияларды мерзімінен бұрын өтеу есебінен күтіледі, бұл «тұрақты» валютадағы ҚТЖ міндеттемелерінің үлесін борыштық портфельдің жалпы көлемінен 57%-дан 36%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2019 жылдың қыркүйегінде акцияларды қосымша орналастыруды жүзеге асырды, онда қор 128,2 млн доллар (шамамен 50 млрд теңге) тартты.

«2019 жылғы 31 қазанда Тұңғыш Президент – Елбасының (Нұрсұлтан Назарбаев) тапсырмасын орындау аясында акцияларды сатудан түскен барлық қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілді», — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қор 2019 жылдың желтоқсанында «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 50% акциясын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл сатып алу қорға «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның 3-ші энергия блогын салу бойынша инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, 2019 жылдың 10 айында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобы мұнайдың аванстық төлемдері бойынша міндеттемелерді шамамен 2,6 млрд долларға азайтты.

«Қор нарық жағдайында топішілік қаржыландыруды дамытуды жалғастыруда, бұл Қор тобының шоғырландырылған борышын ұлғайтпауға мүмкіндік береді…2019 жылдың қорытындысы бойынша еншілес ұйымдарды несиелеу 185 млрд теңгені құрады, бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды уақытында жалғастыруға және Қор тобының шоғырландырылған борышын ұлғайтпауға мүмкіндік берді», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басында қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының сыртқы қарызы, жедел деректер бойынша 2018 жылы 18,5 млрд доллардан 15,3 млрд долларға дейін төмендеді деп мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен 2008 жылы құрылды. Қор еліміздің ең ірі стратегиялық компанияларын басқарады, олардың арасында Air Astana, «Қазақтелеком», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз», «ҚТЖ», «Қазпочта» және басқалары бар.