2019 жылы Қазақстанда жарты миллион автокөлік тіркелді

117
ЕАЭО
Фото: yandex.com

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz — 2019 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Әкімшілік полиция органдары барлық түрдегі 576 829 автокөлік құралдарын есепке алды, деп «Қазавтожол»хабарламасында көрсетілген.

Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 15%-ға жоғары. 540 305 көлік бірлігін қайта тіркеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артық. Көлікті алғашқы тіркеу 36 524 бірлікті құрады — өткен жылмен салыстырғанда 24,7%-ға артық.

2019 жылғы мамырда барлығы 123 759 автокөлік құралы тіркелді (қайталама нарық — 114 456).

Бес айда тек жеті электрокар тіркелді. Бір жыл бұрын 35 бірлік сатылды. Бұл ретте бес электромобиль сатып алынды, олардың барлығы — Tesla моделінде.

Жыл басынан бері тіркелген автокөліктердің 70,5%-ы 10 жастан асқан. Ал 43,1%-ы (232 801 авто) — 20 жастан асқан техника.

Қайталама нарықтағы автомобильдердің көбі келесі өңірлерде сатылды: Алматы облысында — 84 700 бірлік, Алматы қаласында — 66 176 бірлік және Түркістан облысында — 51 471 бірлік