2019 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,5%-ды құрайды — Дүниежүзілік банк

153
2019
Фото: vladtime.ru

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,5%-ды құрайды. Мұндай болжамды Дүниежүзілік банкте айтты.

«Еуропаның және Орталық Азиядағы экономикалық жағдай туралы, 2019 жылдың көктемі: қаржылық қолжетімділігі» шолуына сәйкес 2020-2021 жылдары ЖІӨ өсімі 3,2% деңгейінде болжануда.

Сонымен қатар, зерттеу барысында елдегі инфляция биыл 6,1%-ды, 2020 жылы — 5,8%-ды және 2021 жылы — 5,7%-ды құрайтыны анықталған.

Сарапшылардың айтуынша, 2018 жылы Қазақстанның экономикасы 4,1%-ға өскен.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Кабминге 2019 жылы ЖІӨ өсімінің 5%-ын қамтамасыз етуді тапсырды. Өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігінде ЖІӨ-ге деген болжам айтылды. Ведомство басшысы Руслан Дәленовтің пікірінше, ЖІӨ өсімі ағымдағы жылы 3,8% құрайды, яғни 4% деңгейіне дейін көтеріле алмайды.