2020 жылдан бастап республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2 трлн теңгені құрайды

61
республикалық
Фото: afk.kz

Алматы. 17 қараша. 7kun.kz – 16 қарашада премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Сенаттың жалпы отырысына қатысты. Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң қабылданды, сондай-ақ «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды деп хабарлайды primeminister.kz сайты. 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заң жобасын сенаторларға ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. 2020 жылдан бастап республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт көлемі бекітіледі және 2 триллион теңгені құрайды.

Бұдан өзге, «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Құжатты Ұлттық экономика министрі Сүлейменов, қаржы министрі Сұлтанов және Ұлттық банк төрағасы Ақышев таныстырды. Құжат жалпы мақұлданды. Сонымен қатар, талқылау барысында комитеттер мен жекелеген депутаттардан заң жобасын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар келіп түсті. Заң жобасы Парламент Мәжілісіне пысықтауға жіберілді.