2020 жылы 30 мыңнан аса қазақстандыққа жұмыс ұсынылады

161
2020
Фото: Оркен-Media

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — 2020 жылы Қазақстанда 32,8 мың субсидияланған жұмыс орындарын құруға 12 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, қаражат «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бөлінген.

Бұл ретте 2020 жылы ел бойынша 381 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

«Бүгінде жұмыс орындарын құру негізінен мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларды құрайды», – деп атап өтті Еңбек министрлігінде.

2019 жылдың қорытындылары туралы айта келе, ведомствода жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша 424 мың жаңа жұмыс орны құрылды деп хабарлады: 279 мың тұрақты және 145 мың уақытша. Оның ішінде ауылдық жерлерде — 180,8 мың жұмыс орны.

«Бұл 373 мың жұмыс орнының жылдық жоспарының 114% құрайды. Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылған жұмыс орындарының басым бөлігі көтерме-бөлшек сауда саласына тиесілі – 44,4 мың. Құрылыста — 43 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығы — 38,8 мың », — деп қорытындылады Еңбек министрлігі.